Қалалық жоба форматтары
Қалалық фестиваль - мәдени, өнер, ойын-сауық және спорттық іс-шаралардың әртүрлі түрлерін біріктіретін қалалық ортада ұйымдастырылатын ірі оқиға.
Бұл шығармашылық танытуға, ойын-сауық және әлеуметтік өзара әрекеттесуге арналған алаң.
Қалалық фестивальдің мақсаты - оңды, жағымды атмосфераны қалыптастыру және қаланың көрікті жерлеріне, мәдени және тарихи құндылықтарға назар аудару.
Үздік тәжірибелер
Белсенділер, азаматтық қоғамдар және адам құқықтары мәселелеріне назар аудартуға және олардың сақталуын насихаттауға тырысатын басқа да адамдар топтарына арналған іс-шара.
Human Rights Fest адамдарды адам құқықтарының белсенді жақтастары мен қорғаушылары болуға шақырады, мәселелер туралы хабардар болуды арттырады және қоғамдағы өзгерістерге әсер етеді.
Фестиваль барысында елорданың тарихына, сәулетіне, дәстүрі мен өнеріне арналған түрлі интерактивті шаралар, көрмелер, дәрістер мен шеберлік сабақтары өткізіледі. Сондай-ақ, фестивальде «Елорданың сәулеттік мұрасы және естелік орындары» тақырыбында пікірталас өткен болатын.
2012 жылы құрылған және жыл сайын мамыр айының соңында Алматыдағы Абай алаңында өтетін заманауи этникалық музыка фестивалі.
Бұл Қазақстан жерінде әлем елдерінің этникалық дәстүрлерін көрсетуге бағытталған мультимәдени жоба. Бірнеше жылдан бері сахнаға әлемнің 30-дан астам елінен музыканттар шықты.

Қалалық медиа қоғамдық пікірді қалыптастыруда және қаланың дамуына ықпал етуде маңызды рөл атқарады.
Олар тұрғындарға болып жатқан оқиғалардан хабардар болуға көмектеседі, өзара әрекеттесу және қала өміріне қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар қалалық жобаларға, бастамаларға және кәсіпкерлікке назар аударатын алаң болып табылады.
Қазақстанда белсенді қалалық БАҚ. Бұл қала өмірі мен мәдениетінің әртүрлі аспектілерін қамтитын Instagram әлеуметтік медиа платформасы.
Қазақстанның бас қаласы Астана қаласына арналған қалалық медиа. Олар қала өмірінің сан алуан аспектілерін, соның ішінде сәулет, мәдениет, іс-шаралар мен Астананың көрікті жерлерін көрсетуге бағытталған.
Қаланың әртүрлі оқиғалары, орындары, көрікті жерлері және басқа да қызықты аспектілері туралы ақпарат беретін Қазақстандағы танымал қалалық медиа.
Қалалық экскурсиялар бюросы — бұл қала бойынша экскурсияларды қамтамасыз етуге маманданған ұйым немесе компания.
Олар қаланың әртүрлі кқызықты және көрікті жерлеріне гидтер қызметімен экскурсиялар ұйымдастырады.
Олар адамдарға қаланың тарихы мен мәдениеті туралы көбірек білуге, білімдерін кеңейтуге және оның атмосферасын сезіп білуге көмектеседі.
Жобаны Калифорниядан келген ынталы гид Деннис Кин жасаған.

Бұл фестивальдің мақсаты - әсерлі өнер туындыларын жасау ғана емес, сонымен қатар өнер, қоршаған орта және әлеуметтік мәселелер сияқты маңызды тақырыптарды талқылауға ынталандыру.
Астана қаласында өтетін стрит-арт фестивалі. Фестиваль Қазақстанның және басқа елдердің дарынды суретшілеріне өз жұмыстарын ұсынып, ауқымды граффити, қабырға суреттері мен көше инсталляцияларын жасауға мүмкіндік береді.
Upfest-тің соңғы тақырыбы Reimagine яғни «Қайта ойлау» болды. Фестиваль бізді қоршаған әлем және оның шекараларын қайта қарастыру және стрит-арт көмегімен қалалық кеңістікті өзгерту үшін әлемнің әр түкпірінен суретшілерді жинады.
Франция, Париж қаласының Rue R. des Martyrs көшесіндегі ойын-сауық саябағы
Сонымен қатар Astana Marathon қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларды қолдау алаңы болып табылады. Марафон аясында түрлі қайырымдылық ұйымдары мен жобаларын қолдау үшін қаражат жиналады.
Израильдің Тель-Авив қаласының жыл сайынғы спорттық іс-шарасы. Ол алыс қашықтықты еңсеру және жүгіруде өздерін сынау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қатысушыларды жинайды.
06. Қоғамдық орындар
Қоғамдық орындар – бұл адамдар жиналатын, араласатын және әртүрлі іс-шараларға қатыса алатын орындар.
Қоғамдық орындар неше түрлі болуы мүмкін, соның мысалы саябақтар, түрлі алаңдар, көшелер, сауда орталықтары, кітапханалар, мұражайлар, кафелер, интернет-форумдар және т.б.
Олар қоғам дамуына ықпал етеді: адамдар кездесіп, байланысып, тәжірибе жасап, сол тәжірибесімен бөлісетін өмірлік маңызды орындарды құруға үлес қосады.
Дәрістер білім алудың, ой-өрістерін кеңейтудің және белгілі бір саладағы сарапшылармен немесе спикерлермен өзара әрекеттесудің бірегей мүмкіндігін ұсынады.
PechaKucha ALA шабыттандыруға, біліммен бөлісуге және шығармашылыққа, инновацияларға және өмірдің әртүрлі салаларында дамуға берілген адамдар қоғамдастығын құруға бағытталған.
Архитектуралық шағын пошымдар - практикалық және эстетикалық мақсаттарға қызмет ететін,
міндеттері әр алуан кішігірім құрылыстардың жиынтық атауы.Неғұрлым жанды және тартымды аудандарды құру үшін архитектуралық шағын пошымдарды енгізу арқылы қалалық кеңістіктерді өзгертуге арналған тұжырымдама.

«Майстерня міста» жобасының мақсаты адамдарға практикалық дағдыларды үйрету ғана емес, сонымен қатар оларды қоршаған ортаны жақсартуға белсенді қатысуға ынталандыру болып табылады. Қатысушылар қаланы көріктендіруге, оның тарихи мұрасын сақтауға және қалпына келтіруге, қоғамдық кеңістіктерді құруға және т.б. бағытталған жобаларды жасай алады.
